Заңды бұзған үшін Қазақстан Республикасының шекарасынан шеттетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотымен шетел азаматын Қазақстан Республикасының территориясынан шеттету туралы Семей қаласының ІІБ арызы қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы біздің елде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотымен  Қылмыстық кодексінің 179 бабының 3 бөлімінің «в» тармағына (мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында жасаған қарақшылық) (ескі баспа) сәйкес кінәлі деп танылып, қатаң режимді қылмыстық-атқару колониясында, мүлкін тәркілеумен  11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ағымдағы жылдың тамыз айында жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

1995 жылдың 19 маусымындағы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28 бабының «в» тармағына сәйкес егер шетел азаматы ҚР заңнамасын бұзса, Республика шегінен қуылуы мүмкін. Жоғарыда аталған себептермен сот шеттету туралы арызды қанағаттандырды.

Сот шешімі аппеляциялық тәртіпте шағымдануға және кассациялық тәртіпте қайта қаралуға жатпайды. 

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі