Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (белгiленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған В.Кутовойға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында  В.Кутовой қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын белгіленбеген жерге тастаған және бұл әрекетін әкімшілік шара қолданылғаннан кейінгі  бір жыл көлемінде қайталап жасап отырғандығы анықталды. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Сот В.Кутовойды ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік шара ретінде екі тәулікке әеімшілік қамауға алу туралы қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі