Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында азамат Е.Рамазановты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Е.Рамазанов 2016 жылғы 14 наурызда қоғамдық орында  темекі шегіп қалдығын белгіленбеген жерге тастап,  ортақ пайдалану орнын ластаған.

Сот қаулысымен Е.Рамазанов ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір күн әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік шара тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі