Татуласқандықтан әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігімен (балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықты жасаған Т.Досаевқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, Т.Досаев өзінің үйінде алкогольдік масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын айеліне балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

Сот отырысы барысында кәсіби емес медиатордың қатысуымен жәбірленуші мен құқықбұзушы медиациялық келісімге келді және соттан іс бойынша өндірісті қысқартуын сұрады.

Соттың қаулысымен Т.Досаев жәбірленушімен татуласуына байыланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандықсотының

баспасөз қызметі