Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а.  Ш.О.Оспанова, сот хатшылары мен мамандары, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі өкілдері қатысты.

Шара барысында аудандық соттың төрағасы м.а. Ш.О.Оспанова Қазақстан Ресбуликасы өз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан-ақ гендерлік проблемаға баса көңіл бөліп, әйелдер мен балалардың құқықтарын халықаралық талаптарға сәйкестендіруге ерекше ден қойғанын,нәтижесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде гендерлік мәселелерге байланысты көптеген халықаралық келісім-шарттарға қосылып, салиқалы гендерлік саясат жүргізіп отырғанын атап көрсетті.

Мемлекеттің гендерлік саясаты 2015 жылдан қолданысқа енген Қылмыстық, Қылмыстық-процесстік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде де өз көрінісін тапқан. Бұл кодекстерде жыныстық, жастық ерекшеліктерге байланысты  әйелдер мен балалардың қылмыстық, әкімшілік жауаптылықтары қарастырылған, олар негізіннен әйелдер мен балалардың құқықтарын мейлінше қорғауға және «Қазақстан Республикасының әйелдерді кемсітушілікітің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248 Заңының талаптары негізге алған.    

Семинар барысында талқыланған тақырып бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, сотта істерді қарау барысында гендерлік теңдікті сақтаудың маңызыдылығын атап көрсетті.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі