Тарбағатай аудандық сотының судьялары мен кеңсе мамандары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайындағы жиынға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданы әкімдігінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты жиын өтті.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері О.Е.Мұсағали, Р.М.Сләмхан,  аудандық сот, прокуратура, ішкі істер органы және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты.

Жиынды аудан әкімі орынбасары Сабырбаев Ержан Советбекұлы ашты.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа профилактикасы басқармасының бас мамандары О.Е.Мұсағали аудандағы мемлекеттік қызметшілердің таяуда өткізілген аттестация қортындысы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтап, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты   Қазақстан Халқына Жолдауынан туындайтын сыбайлас жемқорлық профилактикасының міндеттерін түсіндірді.

Арнайы профилактикалық мақсатта дайындалған бейне роликтер көрсетілді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі