Тарбағатай аудандық сотында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі атап өтілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотының ұжымы Наурыз мерекесін ұлтымыздың байырғы салт-дәстүрінің негізінде танымдық сипатта атап өтті.

Шара барысында сот төрағасы К.Садуакасова, Наурыз мерекесінің Шығыс халықтарында тойлануының тарихына тоқталып өтті. Ежелгі түркі мәдениетінің бүгінгі мұрагері қазақ халқының наным-сеніміндегі Наурызды тойлау байырғы  салт-дәстүр айналған, наурыздың 22-де Күн мен Түннің теңесетінін және табиғаттың жаңаруға бет бұратын, көктемнің келетінін, ата-бабаларымыздың сол уақыттардан білгенін айтты.

Сол себепті Наурызды – Ұлыстың Ұлы күні  деп атап, ағайын-туыс бір-біріне деген өкпе -назы болса кешіріп, құшақтасып көрісіп, жақсылық тілеп Қызыр бабаны күткені татулық пен береке-бірлікке деген үлкен ізгілік пен философиялық тереңдіктің белгісі екеніне тоқталды.

Ұжым мүшелері қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп, жайылған дастархандағы  ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татып, бір- біріне деген ыстық ықыластарын жеткізді.

Қызыр бабаның үлгісімен  Ұлыс оң болсын, ырыс мол болсын! Еліміздің сыртын жаудан, ішін даудан аман қылсын! деген тілектерін білдірді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі