Тараптар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында азамат П.Цыглерды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйке, 2016 жылы 3 ақпанда азамат П.Цыглер  пәтерде бірге тұрып жатқан адамға масаң күйінде балағат сөздер айтып, жанжал шығарған. Осы әрекеттері арқылы үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру құқық бұзушылығын жасаған.

Сот отырысында медиатордың қатысуымен тараптар бітімгершілік келісімге келіп, соттан істі қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен бітімгершілік келісім бекітіліп, тараптардың татуласуына байланысты іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі