Тараптар келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасырын жымқыру) М.Лошкаревқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта М.Лошкарев сауда үйінің кеңсесіне пластикалық қоршау арқылы кіріп, ол жерден фотоаппарат, 2 ноутбук, спорттық сөмке және басқа да бөтеннің заттарын ұрлап кеткен. Одан кейін М.Лошкарев ұрланған заттармен қылмыс жасалған жерден жасырынып қалған. Ұрланған заттардың жалпы соммасы 500 000 теңгеден астам соманы құрады.

Сот отырысы барысында тараптардан қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты қысқарту туралы талап-тілек түсті. М.Лошкарев жәбірленушіге кетірілген материалдық залалды толық түрде өтеді.

Сот қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі