Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында сотта сыбайлас жемқорлықтын алдын алу мәселелері бойынша сот мамандарының қатысумен семинарда өткізілді.

Семинарды жетекші маман Тоқтарбаева Н.М. аша отырып, сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

Семинар барысында Тоқтарбаева Н.М. сыбайлас жемқорлықты болдырмау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты болып табылатынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек жекелеген сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық туындайтын себептерін жою болып табылады.

Іс шара қорытындысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл амалдары туралы өз ойларымен бөлісті. 

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі