«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. Ш.О.Оспанова, соттың мамандары және БАҚ өкілі Е.Бапановтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әрбір азаматтың міндеті» атты брифинг өткізді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау, істердің заңды түрде әділ қаралуы бұлжытпай орындалатын екендігі ескертілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әрбір азаматтың міндетті болып табылатындығы, мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеу керектігі, ондай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдау тиіс екендігі алға тартылды.

Қызметкерлер өз пікірін айтып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әрбір азаматтың міндеті» атты мақала жариялау керектігі туралы БАҚ өкіліне пікір ұсынылды.

 

Тарбағатай ауданының №2  аудандық сотының

баспасөз қызметі