Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Сүйеукенов ШҚО бойынша Самар полиция бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дәріс өткізді.

Баяндамашы Р.Суйеукенов жемқорлық мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін,  қоғамдағы демократиялық өзгертулерді тежейтінін, сонымен қатар адамдардың заң мен әділдікке сенімін бұзатынын айтып өтті. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Дәріс соңында қатысушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі