Судьялар арасында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының судьялары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқылады.

Шара барысында аудандық соттың судьясы Н.Нұралинов 2017 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын атап өтті.

 Аталған Заңмен қолданыстағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 46-бабының үшінші бөлігіне, 104-бабының 1-бөлігінің 13) тармақшасына, 149-бабының, 1-бөлігінің 1) тармақшасына,  165-бабының 1) тармақшасына, 166-бабының 1,2- бөліктеріне, 173-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Судья  А.Амреева енгізілген толықтыруға сәйкес сот талқылануы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс екенін ескертті.

Шара соңында қатысушылар Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқылап, оны жүзеге асыруға шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі