Судья лауазымына үміткерлер мен тәжірибеден өтушілер арасында семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы Г.Әділбаева судья лауазымына үміткерлер мен тағылымдамадан өтушілер А.Бектыбаева мен Ж.Касенованың қатысуымен семинар өткізді.

«Қылмыстық іс бойынша сот тергеуі» тақырыбында сот төрағасы Г.Әділбаева, сот тергеуінің басындағы сұрақтар жайлы, айғақтарды ұсыну және зерттеу тәртіптері, сот ісіне қатысушылардан жауап алу тәртіптері туралы  айтып өтті.

Сот тергеуінде Қылмыстық-процестік кодексінің жалпы тәжірибе дағдысында қолданылуы талқыланды.

 Сот төрағасы Г.Әділбаева сөзінің соңында тағылымдамадан өтушілердің қойған сұрақтарына жауап берді.

 

 Өскемен қаласының №2 сотының

 баспасөз қызметі