Соттың шешімін орындамағаны үшін автокөлік жүргізуге берілген куәлік қолданысы тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Зайсан аудандық сотында  Шығыс Қазақстан облысы өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы С.Салықбаеваның борышкер Е.-ге қатысты ұсынымы қаралды.

Сот шешімі негізінде Е.-ден К-нің пайдасына екі баланы асырау үшін барлық тапқан табысынан ай сайын 1/3 бөлігі алимент ретінде өндірілген, 01.04.2017 жылға борышкердің алимент бойынша қарызы 133 905 теңгені құраған.

Сот шешімінің орындалмауы өндіріп алушының құқығының бұзылуы болып табылатындықтан, Е-нің арнаулы автокөлік жүргізу үшін берілген куәлігін Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 39-бабына сәйкес алимент қарызын толық төлеп біткенше тоқтата тұруды сұраған ұсынысы қанағаттандырылды.

Зайсан аудандық сотының шешімі бойынша берешегі өтелгенге дейін Е-нің автокөлік жүргізу үшін берілген куәлігінің қолданысы тоқтатылды.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ. 

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі

 

Пікірлер мен ұсыныстар