Сотта ақпарат алмасу сұрақтарына арналған дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір сұрақтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Руслан Еркінбекұлы қатысушыларға қазіргі таңда сот жүйесінде кеңінен қолданылып жатқан жаңа технологиялар мен сервистер жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, сот төрағасы «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа талап-арыздар жолдау тәртібіне ерекше тоқталып, сотта қаралып жатқан істер бойынша тараптарға хабарламаларды SMS түрінде жолдайтын арнайы сервистің тиімділігін жеткізді.

Бұған қоса, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдар мен соттың арасындағы құжат айналымының мемлекеттік тілде дайындалуы; статистикалық мәліметтердің сәйкестігі; қылмыстық және әкімшілік істер бойынша тараптарға берілетін талондардың дұрыс толтырылуы сынды өзекті сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында сот және құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу мәселесінде тығыз байланысты орнатуға бағытталған бірқатар ортақ шешімдер қабылданды.

        

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі