Сотпен пәтерді сату шарты заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотына азамат Т., үйден шығару талап арызымен жүгінді, ол талабында  сатып алу шарты бойынша жауапкер тұрып жатқан пәтердің  меншік иесі болып табылатынын көрсеткен.

Талаппен келіспей  азамат Г., сотқа  сату-сатып алу мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде қарсы талаппен сотқа жүгінеді, себебі мәміле формальды түрде жасалғанын, яғни ешқандай қаражатты  сатып алушыдан алмағаны жайлы  айтып көрсеткен.

Істі  сотта қарау барысында пәтерді сатқан ақша қаражатты сатып алушыға берілмегені анықталды.

Сот, Г. мен Т. арасында жасалған сату-сатып алу шарты бойынша құқықтық салдар туғызбады деген тұжырымға келді.

Сот шешімімен  Г-ның  қарсы талап арызы қанағаттандырылып, мәміле жарамсыз деп танылды. Ал Т-ның үйден шығару жайлы талабы қанағаттандырылудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі