Сотпен мұрагерлік құқығына ие болу мерзімі қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында Г. Өскемен қаласынң әкіміне мұрагерлік құқығына ие болу мерзімі қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жауапкерге мұрагерлік құқығына ие болу мерзімі қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінген, ол өзінің талабында 1998 жылы шешесінің қайтыс болуына байланысты ол бірінші кезекте заң жүзінде мұрагер болып табылатынын көрсеткен. Шешесі қайтыс болғаннан кейін оның артынан  үй мұрасы ашылған. Нотариустың  қаулысымен мұрагерлік құқығына ие болу мерзімінің өтуіне байланысты, тапкерге  нотариалдық іс әрекет жасауға бас тартылған. Өтініш бойынша мұрагерлік құқығына ие болу мерзімін өткізу себебі, туыстық қатынасты анықтау туралы құжаттарды жинауына байланысты болып отыр. Соттан мұрагерлік құқығына ие болу мерзімі қалпына келтіруді және өзін мұрагер ретінде тануды сұрады.

Сот шешімімен  Г. мұрагерлік құқығына ие болу мерзімі қалпына келтірілді және мұрагер ретінде танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі