Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін ретінде ескерту түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен  (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың  15  маусымына  заңды некеден ажырасу туралы азаматтық істің қаралуы тағайындалған, сот мәжілісінің өту күні мен уақыты туралы жауапкер тиісті түрде хабарланған. Алайда белгіленген уақытта жауапкердің сотқа келмеуіне байланысты, сот мәжілісі кейінге қалдырылды. Жауапкер өз іс әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсетіп, белгіленген уақытында азаматтық істің қарауын бұзған.

Сот қаулысымен  Е.Дуйсембеков  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде ескерту түріндегі жаза  тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі