«Сот залынан» Қоғамдық орында мас күйінде...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 бабы 3 бөлігі бойынша П. атты азаматқа қатысты әкімішілік іс қаралды.  

 

Іс материалдарына сәйкес, П. атты азамат қоғамдық орындарда мас күйінде болып, әкімшілік жауапкершілікке бір жылдың ішінде 2 рет тартылған, яғни 28.01.2014 жылы мөлшері сағат 18-00-дер шамасында Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданың Құлынжон ауылында Орталық көшесінде мас күйінде жүріп, сол әрекетімен қоғамдық имандылық пен азаматтық ар-намысын құрметтеумеушілік көрсеткен.

            Сот мәжілісінде құқық бұзушы П. атты азамат өз кінәсін толығымен мойындап, өз іс-әрекетіне өкінетіндігі туралы айтты.

            Сот құқық бұзушы П. атты азаматты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасын қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Көкпекті ауданының

№ 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі