«Сот залынан» Қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шемонаиха аудандық сотымен Р. атты азаматтың К. атты азаматқа қатысты сатылым бағасының борышы туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс-материалдарына сәйкес, Р. атты талапкер сотқа жауапкер К-ға сатылым бағасының борышы туралы талап арызбен жүгінді.  2013 жылдың қазан айының орта шенінде Р. атты талапкер  жауапкерге өзінің 10 жастағы сары қасқа сиырын 150 000 мың теңгеге сатқан. Алайда, К. атты жауапкер сол арада талапкерге 20 000 тенге қолма қол төлеген, қалған сомманы 2013 жылдың қараша айының басында беретіні жөнінде міндеттелген. Қарыз уақыты келгенде жауапкер  талапкерге ақша соммасын жоқ болуын негізге алды. Р. атты талапкер  соттан жауапкер К-дан борышын 130 000 мың тенгені және сот шығынын өтеуді өз пайдасына шешуді сұрады.

Шемонаиха аудандық сотының шешімі бойынша Р. атты талапкер К. атты жауапкер сатылым бағасының борышын өтеу  туралы талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Р. атты талапкердің пайдасына 130 000 мың теңге мен сот шығындарын талапкер К-дан  өтелінді

 

Шемонаиха аудандық

сотының баспасөз қызметі