«Сот залынан» Есірткі заттарын тасымалдаумен айналысу...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шемонаиха аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 259 бабы 1-1 бөлігі бойынша С. атты азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс-материалдарына сәйкес, В. және С. атты азаматтар Өскемен қаласынан Шемонаиха ауданына таксимен келе жатқан жолында С. атты азамат өзімен «героин» атты есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен тасымалдап, сақтаған. Шемонаиха ауданының Рассыпное селосы автокөлік жолының жанында С. атты азаматты полиция қызметкерлері ұстап, оны жеке тінту барысында қалтасынан 3 полимерлік түйіншекке оралған салмағы 9.77 аса ірі мөлшерде «героин» атты есірткі затын тауып алады.

Шемонаиха аудандық сотының үкімімен С. атты азамат Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 259 бабы 1-1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Шығыс Қазақстан

облыстық сотының

баспасөз қызметі