Сот залынан. «Білім саласындағы алаяқтық».

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 08 сәуірінде Семей қаласының №2 сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177 – бабы 3 – бөлігінің «б» - тармағы бойынша айыпталған Семей қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс-материаларына сәйкес, М. және В. азаматшалары Семей қаласында орналасқан баршылыққа мәлім Университетінің қызметшілері бола тұра, ұлттық біріңғай тестіден жоғары ұпай алуға көмек көрсетемін және жоғары оқу орындарына түсіремін деп ұйымдасқан топ болып, алдын – ала сөз байласып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы, әлденеше рет 10 адамның ақшаларын иемдену арқылы моральдық және ірі мөлшерде материалдық залал келтіріп, қылмыстық әрекет жасаған. Бұл жұлпостық 1,5 жылға созылған. Жәбірленушілерге келтірілген нұқсанның мөлшері 4100 000 теңгені құрды.

Семей қаласы №2 сотының

баспасөз қызметі.