Сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 296-бабының 2 бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін А.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен  қаралды.

Сотта анықталғандай, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында азаматша А-ның автокөлігінің жүк салатын бөлігінде екі целлофанды пакетте жасыл түсті ерекше иісті өсімдік тектес заттар анықталып тәркіленді.

Сот үкімімен  А. ҚК-тің 296-бабының 2 бөлігімен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі