Сот шешiмiн орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Т.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, Тарбағатай аудандық сотының 05.11.2015 жылғы атқару парағы бойынша борышкер Т. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының пайдасына 220473 теңге несие өндірілгені, атқару парағы Тарбағатай аумақтық сот орындаушылары бөліміне жолданғаны, алай-да борышкер сот орындаушысынан жалтарып, сот шешімін орындамағаны анықталды.

Сот қаулысымен  азамат Т. ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағын үшін кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі