Сот шешімімен талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер сотқа банкке қатысты әрекеттерді заңсыз деп тану, ипотекалық қарыз бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға міндеттеу, негізгі қарызға ақша қаражатын аудару туралы талап арызбен сотқа жүгініп, келесіні көрсеткен. Талапкермен банк араларында қарыз беру туралы шарт бекітіліп, ол бойынша 22.11.2012 ж. дейін 4 235 000 теңге берілген.

Сот отырысы барысыңда анықталғандай, өзінің міндеттерін тиісті түрде орыдамауына байланысты Өскемен қалалық сотының 23.11.2013 ж. шешімімен талапкерден банк пайдасына қарыз соммасы өндірілген.

Қарыз 2007 жылы алынғанын, мәселелі болуына байланысты және қарызды өндіру туралы сот шешімі болуын, пәтер талапкердің жалғыз баспанасы екендігін ескеріп ол ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру туралы Бағдарлама аясында өтініш берген. Осы өтінішке банк тарапынан қанағаттандырусыз қалдыру туралы жауап келген, себебі талапкер тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандыруға арналған саласына жатпайтындығы ескерілген.

Сот шешіммен талап ішінара қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі