Сот шешімімен денсаулыққа келтірілген зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сота аз.Е.  «Ю» ЖШС-не  денсаулыққа келтірілген зиянды, өткен пайданы және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Талап бойынша, жауапкердің салдарынан жол көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде автокөлікке зиян келіп және  талапкердің денсаулығына орташа жарақат келтірілген.

Сот шешімімен Е-ның талабы ішінара қанағаттандырылып, талапкердің пайдасына денсаулыққа келтірілген зиян және еңбек ақысын жоғалтқан үшін 309 377 теңге,сонымен қатар моральдық шығын ретінде 200 000 теңге және сот шығындары өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі