«Сот медиациясы жөнінде пилоттық жоба» тақырыбында лекция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының бас маманы К.К.Куатов  Көкпекті ауданының  № 2 аудандық пробация қызметінде «Сот медиациясы жөнінде пилоттық жоба» тақырыбында дәріс  өткізді.

Шараға Көкпекті ауданының № 2 пробация қызметінің  қызметкерлері қатысты.

Дәрісте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26-қаңтардағы өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібен сотқа дейінге реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесімен» таныстырды.

Дәрісте  сот медиациясы пилоттық жобаның артықшылықтары, оның басты мақсаты жайлы, қандай санаттарда қолданылатыны және өзгешелігі неде екендігі жөнінде айтылды.

Соңында тындаушылар өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі