Сот ғимаратында өткізу және ішкі объект тәртібін қамтамасыз ету тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және заң бұзушылықтарын болдырмау, оның алдын алу мақсатында «Сот ғимаратында өткізу және ішкі объект тәртібін қамтамасыз ету тәртібі» тақырыбында Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға  ШҚО мамандырылған күзет қызмет басқармасының полиция взвод командирі полиция лейтенанты Е.А.Нұргалиев, ШҚО мамандырылған күзет қызмет басқармасының полиция қызметкерлері С.Акшоқаев, К.Сейтханов, Ш.Мұхамадиев, Ж.Жамбусинов, сот приставы Б.Құржанбаев, сот отырысының хатшысы И.Құсманқызы қатысты.

Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың Сот нысандарын күзету ішкі тәртіптерді сақтай отырып, келушілерді қарсы алу, арнайы тексеріп өткізу, кіргізу тәртіптері ережесінің сақталуын қамтамасыз ету туралы қызметтік хатымен  таныстырырды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы  сот ғимаратында келеңсіздіктерді болдырмауда бүгінгі шараның маңызы зор екенін, сотқа келушілердің аталған қағиданың талаптарына бағынуын қатаң түрде қадағалауды күзет қызметкерлеріне тапсырды. 

 

Көкпекті аудандық сотының 

баспасөз  қызметі