Сот актілерін және сот отырысының хаттамаларын уақытылы енгізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Сот актілерін және сот отырысының хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Е.С.Коянбаев, Н.А.Жақсыбекова, Л.А.Побияха, Қ.Б.Зәбенов, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова және сот мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.                                                                                         

Сот төрағасы Б. Кәсенов сот актілері мен сот отырыс хаттамаларын бағдарламаға уақытылы енгізу жұмыстары жайлы талдаумен таныстырып, судья мен сот қызметкерлерімен сот актілері мен хаттамаларды заңда көрсетілген мерзімде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізуді және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақтылы беру қажеттігіне сондай-ақ, заңнама мен қызметтік нұсқаулық талаптарын қатаң сақталуы жөнінде айтты.

Дөңгелек үстел соңында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов заңнама мен қызметтік нұсқаулық талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

 

ШҚО қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі