Сот актілерін уақтылы әзірлеу және «Төрелік» бағдарламасына енгізу тәртібі тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында «Сот актілерін уақтылы әзірлеу және «Төрелік» бағдарламасына енгізу тәртібі» тақырыбында семинарлық сабағы өтті.

Тарбағатай аудандық сотының бас маманы Р.Солтабаева өз баяндамасында   сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде әзірлеу және «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізудің тәртібі,  сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы берудің мерзімі АПК-нің және  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 05.03.2016 жылығы өкімімен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелері» талаптарына, АПК сай болуы керектігін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі А.Касенгалиева сот актілері мен хаттамаларының  енгізілу жағдайына ақпарат беріп, сот қызметкерлеріне заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.                                                                  

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі