Сот 22 азаматқа еңбек ақы бойынша қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотына  22 азамат  ЖШС-тен  еңбек ақыларын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Талапкерлер арыздарында,  жұмыс берушінің жұмысшыларына еңбек ақы төлемін жүргізбей еңбек заңнамасын бұзғандығын алға тартқан. Соның нәтижесінде едәуір мөлшерде еңбек ақы бойынша берешек болған.

Аталған азаматтық іс қалалық сотта қаралып, 22 азаматтың жауапкердің еңбек ақысына қатысты берген анықтамасына сай, талап толығымен қанағаттандырылды.

Соттың  шешімімен жұмыс берушіден 22 талапкердің пайдасына  еңбек ақы бойынша  2 537 632 теңге берешек өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі