Шығыс Қазақстан облысының №2 Ювеналды сотында (Семей қаласы) балаларға арналған психологиялық тынығу бөлмесі ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Семей қаласындағы Ювеналды соттың құрылғанына  екі жыл толуына орай,  соттың төрағасы Р.М.Кусаиновтың  бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаларға арналған психологиялық тынығу бөлмесі салтанатты түрде ашылды.

   Баланың эмоциялық тұрғыдан зиян шегу жағдайлары көп кездеседі. Жанына қаяу түскендігі, есейген кезінде де алға қойған мақсаттарына жетуіне әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайдың қалай алдын-алуға болады? Осы кезеңде балаға  психологиялық көмек көрсету қажет.

   Ювеналды соттың кәсіби психологы істі қарау кезінде кәмелетке толмағандармен алдын-ала сұхбаттасу жүргізу арқылы психологиялық қабылдауы жағынан нақты жағдайды анықтау нәтижесі арқылы нұсқаулық ретінде қорытынды береді. Балаларға арналған арнайы психологиялық тынығу бөлмесінің ашылуы сотқа келген кәмелетке толмаған балаларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеді деген сенімдеміз.      

   Ашылу салтанатына Семей қалалық сотының төрағасы А.Жұмағұлов, Семей қалалық №2 сотының төрағасы Д.Бұлғынбаев, «Медиация» өкілдігінің директоры Д.Токтаров, қорғаншы және қамқоршы органының өкілі Р.Омарова және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері  қатысты.

    Аталған бөлменің ашылуы туралы ақпарат  «31 КАНАЛ» - телеарнасының «Информбюра» жаңалықтарында, «Казақстан Семей» және «ТВК-6» телеканалдарында көрсетіліп хабарланды және «Юридическая газета», «Заң газеті», «Вести Семей» газеттерінде жарияланды. 

Шығыс Қазақстан облысының №2

кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі  

Семей қаласы