Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б. Ә. Кәсенов   БАҚ өкілдеріне  брифинг өткізді.

Сот төрағасы Б. Кәсенов С.-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сауалдарына жауап берді.

Сотпен анықталғаны, азамат С. алкогольдік масаю үстінде жасөспірім баланы аса қатыгездікпен, қасақана өлтіріп және жәбірленушінің анасын  оқиға туралы жалған айғақ беруге оның денсаулығына зиян келтіру қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеген.

Сот үкімімен С.-ға 16 жыл 1  ай  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны  қауіпсіздігі  барынша жоғары мекемелерде өтеу белгіленді.

Апелляциялық сатымен, шағымдалған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі