Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Б. А. Касенов және судьялар Е. С. Коянбаев, Қ. Б. Забенов, Н. А. Жақсыбекова, Л. А. Побияха қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы Б.Ә. Кәсенов облыс соттарымен «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысының ережелеріне негізделе отырып, жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау бойынша нақты тәжірибе қалыптасқандығын атап айтты.

Сонымен бірге сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы айтып, осы санаттағы қылмыстық істердің қаралуы жөнінде  статистикалық деректер келтірді.

Іс шара соңында семинарға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі