Шығыс Қазақстан облысы соттарының қызметі туралы үздік материал бойынша «Қоғам және Заң» тақырыбында байқау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1.Жалпы ережелер

1) Үздік журналистикалық жұмысқа байқау Шығыс Қазақстан облыстық  сотында  өткізіледі.

2) Байқауға журналистер қатысады.

2.Мақсаттары

1) Байқау мақсаты: облыстық соттың қызметі туралы азаматтардың ақпарат алу деңгейін көтеру, сот жүйесіндегі  Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы  сот жүйесіне арналған  реформаларды насихаттау.

3.Талаптар мен өткізу тәртібі

1) Үздік журналистикалық жұмысқа байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

- Сот жүйесіндегі Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы реформаларды ақпараттандыру туралы үздік материал;

- Сот жүйесі беделін арттыру туралы үздік материал;

- Татуластыру рәсімдерін түсіндіру туралы үздік материал; 

- «Резонанс» сот істері жөніндегі аналитикалық очерктер мен репортаждар; 

2) Байқауға қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.

3) Байқауға  үміткерлер бұқаралық ақпарат құралдарының редакция тарапынан, сондай-ақ, өздігімен ұсынылады.

4) Баспа басылымдарының журналистері үшін  есімі, әкесінің есімі, тегі, бұқаралық ақпарат құралының атауы, нөмірі және уақыты көрсетілген барлық жарияланымдарының көшірмелерін бумаға тігіп ұсынады. Сондай-ақ, ұсынылған жарияланымдарының тізімін қоса тапсыру қажет.

5) Теле-журналистер бейнематериалдарын DVD форматтарында, қатысушының аты-жөнін көрсетіп ұсынады. Сондай-ақ, атауы, ұзақтығы, қысқаша мазмұны, эфирге шықан уақыты, телеарнасы көрсетілген бейнематериалдар тізбесі қосымша тапсырылады.

6) Бір үміткер екі не одан да көп номинацияға ұсынылмайды.

8) Материалдарды Өскемен қ., Уалиева 5 , 5 қабат 511 каб. мекенжайы бойынша «Шығыс Қазақстан оболыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне  немесе pressa_vkosud@mail.ru электрондық мекеніне 2017 жылғы 23 маусымға  дейін тапсыру қажет.

9) Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ҚР Конституциясының 20 жылдығы мерекесі қарсаңында салтанатты түрде өткізіледі.

 4. Байқауға ұсынылған материалдарға баға берудің басты талаптары:

1) Материалдың өзектілігі және қоғамдық маңызы.

2) Материалдың объективтілігі және толық болуы.

3) Тақырыпты ашудағы шеберлігі, айқын және айрықша болуы.

4) Азаматтық позициясы, жаңашылдығы.

 5. Марапаттау

Байқау жеңімпаздарына бағалы силықтар мен дипломдар  тапсырылады.