«Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ мемлекеттік мекемелер арасында өткен «Мемлекеттік қызмет туралы үздік басылым» байқауынан III орынға ие болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әр жыл сайын  23 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді. Кәсіби мерекеге орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті мен Әкімдік аппаратымен бірлесе отырып «Мемлекеттік қызмет туралы үздік басылым» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлер арасында үздік имидждік мақалаға байқау жариялады.

Байқаудың мақсаты, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік институттар туралы халықты құлағдар ету, тұрғындардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру,  мемлекеттік қызметшілердің жоғарғы біліктілігін көрсету.

Байқау барысында материалдар келесі критеилер бойынша: ұсынылған материал тақырыбына, мақсатына, тапсырмасына, ақпараттық қанықтығына, жеткізу ерекшелігіне және иллюстрациясына байланысты бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан обысы бойынша соттар әкімшісі» РММ имидждік мақаласымен «Мемлекеттік қызмет туралы үздік басылым» номенациясы бойынша  III орынға ие болды.

Байқау жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен дипломдар ұсынылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының

баспасөз қызметі