Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот алқаларының төрағалары Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Мұратұлы Шақпантаев пен азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиұлы Әбдіғалиев Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатын аша отырып, Қайрат Шақпантаев заманауи сот жүйесі - ол мемлекеттің негізігі құралдарының, мемлекеттің қоғамдық, экономикалық және саяси  даму жолындағы демократиялық  тетіктерінің бірі, осы негізгі жағдайларға байланысты тұрғындардың заманауи құқықтық саясатқа деген,  қоғам тарапынан билікке деген көзқарастары қалыптасады-деді.

Қайрат Шақпантаев  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының  статистикалық  мәліметтеріне тоқталып, облыс соттарымен 2017 жылдың 6 айында өткізілген  іс-шаралар  жөнінде айтып, тілшілерге облыс соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігі жөніндегі ақпаратты ұсынды.

Баспасөз мәслихатын жалғастыра отырып, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев "Ұлт Жоспарының "100 Нақты Қадамдамындағы" бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда  Шығыс Қазақстан облысы судьяларымен белсенді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Облыс соттарының азаматтық істер бойынша атқарған жұмыстарының статистикалық мәліметтерін келтіре отырып, азаматтық істер мен әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүргізу сапасының жақсарғандығын атап өтті.  

Сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы негізінде 2014 жылы "Сот кабинеті" электрондық жүйесі іске қосылып, сот істерін жүргізуді бірқатар жеңілдеткен.

Сондай ақ, 26 сәуірде Қазақстан халықы Ассамблеясында Елбасы медиация институтының дамуындағы Ассамблеяның рөлін ерекше атап өтті.

Осы бағытта да соттар бірқатар жұмыстарды атқарды.

Судьялар үнемі баспаларда мақалаларын шығарып, теледидар мен радиоларда сұхбаттар беріп, дөңгелек үстелдер, кездесулер және семинарлар өткізіп отырады. 

2017 жылдың 6 айында жалпы азаматтық істер (татуласу, партисипативтік рәсімдер арқылы) 2 413 іс, әкімшілік  - 1 550 іс.

Қорытындылай келе, азаматтық істер жөніңдегі сот алқасының төрағасы Шығыс Қазақстан облыстық соты  Достық Үйімен бірлесіп республикадағы алғашқы "Виртуалды медиация кабинетін"  ашқандығын атап өтті.

Шара соңында алқа төрағалары БАҚ өкілдерін қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап берді.  

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі