Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот мамандары арасында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің бекіткен Жоспарын  орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына облыстық соттың мамандары қатысты.

Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы М.Шаяхметова  «Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі» тақырыбында, бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Уалиева «Апелляциялық сатыдағы азаматтық істерді ұйымдастыру» тақырыптары бойынша баяндамалар оқыды.

М.Шаяхметова заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау жөнінде айтып өтіп,  заңды және жеке тұлғалардың құқықтық қатынастарын реттеудің принціптеріне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, судьялардың Жаңа Әдеп кодексіне де тоқталды. Осы кодекс аясында азаматтар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішінде құрылған Сот Жюриіне судьялардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдана алады.

Бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Уалиева  аппелляциялық сатыдағы азаматтық істерді қарау жөніңдегі баяндамасында, өтініш берудің негізгі сәттеріне тоқтала отырып, арыздың қаралу мерзімі мен  дәлелді сот актісінің дайындалу мерзіміне де тоқталды.

Семинар соңында қатысушылар талқыланған тақырыптар негізінде сұрақтарын қойып, оларға тиісінше жауаптарын алды.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық  сотының

баспасөз қызметі