ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аударанаралық сотының қызметкерлері кәмелетке толмағандармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында орналасқан Шәкәрім атындағы мектептің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты – ағартушылық және профилактикалық жұмыс өткізу.

Кеңсе меңгерушісі А.Ахметова кездесу барысында ювеналды сот туралы, кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы айтып, медиация институтының маңыздылығына тоқталды.

Жетекші маман Т.Секенов кәмелетке толмағандардың арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды атап өтті. Осындай құқық бұзушылықтардың бірі – кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы.

Бас маман Т.Рахманбекова кәмелетке толмағандарға қатысты Қылмыстық кодекстің баптарын түсіндіріп берді.

Шара соңында сынып жетекшілері өздерінің алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың жасөспірімдер тәрбиесіне оң әсер беретінін айтты.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған сотының

баспасөз қызметі