ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы «Кәмелетке толмағандарға байланысты әкімшілік істер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласы Ювеналды сотының төрағасы Ақпар Р.М.  Семей қаласының Ішкі Істер Басқармасының  ЖПҚ – нің ювеналды полиция бөлімдерінің аға инспекторлардың қатысуымен «Кәмелетке толмағандарға байланысты әкімшілік істер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығына байланысты сұрақтар, құқықбұзушылыққа баруда ата-аналардың жауапкершілігі, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сонымен қатар, кәмелетке толмаған арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау, соттың жекеше қаулыларын орындау сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушыларға, жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасы туралы, медиацияны жүргізу міндетті болып табылатын даулардың санаттары түсіндірілді: баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарыз келісімшарттары бойынша, пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша, сақтандыру және кейбір еңбек даулары, сонымен қатар пилоттық жобаның  мақсаты, міндеттері,қағидалары, жобаны  іске асыру мен медиация жүргізу тәртібі мәлімет ретінде  түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар берілген тақырыпқа баяндамаларын оқып, қойылған сұрақтарына жауаптарын ала алды.

«Дөңгелек үстел» қызықты әрі жан-жақты өзара ой бөлісулермен өтті.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі