ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға кеңсе меңгерушісі А.Е. Тусупова, бас маман Қ.С. Оспанов, бас маман А.А.Алижанова, жетекші маман Л.Касымбаева, психолог М.Галиева, бас маман А.Зарыкбаева және іс-жүргізуші Н.Мадениет қатысты.

Өзінің баяндамасында кеңсе меңгерушісі А.Е. Тусупова мемлекеттік қызметкерге қоғам және мемлекет тарапынан үлкен сенім артқандықтан, моральды-этикалық келбетіне жоғары талап қойылады. Мемлекеттік қызметкер атқарып жатқан кәсіби қызметіне бүкіл күшін, ақылын және тәжірбиесін салып, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуі керек.

Семинар барысында мемлекеттік қызметкердің спирттік ішімдіктер ішілетін ойын-сауық мекемелеріне баруы сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Барлық қатысушыларға аталған теріс қылыққа қатаң шаралар қолданылатыны жайында ескертілді. 

 

ШҚО №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі