ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары Абай ауданының тарихи жерлеріне барып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотының мамандары қазақ жазушысы, «Абай жолы» романының авторы М.Әуезовтың 120-жылдығына қарсы Абай ауданының тарихи жерлеріне барып қайтты.

Сапардың мақсаты - ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.

Сапардың міндеттері Мемлекет Басшының Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына негізделген. Басты міндеттер: еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас Ұлт болу үшін бұқаралық сана­­ны өзгертіп, өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын, бірегей экологиялық тұрмыс салтын сақтау.

Абай ауданы  Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы, әйгілі адамдардың Отаны болып табылады. Әрі Қоныр әулие үңгірімен танымал, аңыз бойынша осы жер қасиетті және шипасы мол болып саналады.

Сот мамандары Абай ауданына бара жатқан кезде барлық тарихи және туристік маңызы бар ескерткіштерге соқты. Біріншіден, Семейден 60 шықырым жерде орналасқан қазақ батыры Күшікбайға арналған монументке барды. Оның жанында қатты аязда да қатпайтын шипалы бұлақ бар. Келесі барған жер бұл Еңлік-Кебек кесенесі, ол қазақ халқының тарихында қалған махаббат нышаны. Жидебай жерінде Абай Құнанбаевтың мұражайы орналасқан. Бұл жерде ұлы ақынның өзгешелік өмірімен таныстып,  өткен ғасырлардың тарихына енгендей болды. Әрі бұл мекенде Абайдың 150-жылдығына қарсы салынған Абай мен Шәкәрімнің кесенелері бар.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр»-деп айтқан.

Абай ауданының жерінде өткен рухани-мәдениеттік бағдар өз арнауын ақтады.

 

ШҚО №2кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған сотының

баспасөз қызметі