ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологы семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотының психологы Р.Самарова Ш.Құдайбердіұлы атындағы орта мектепте «Білім беру ұйымдарындағы песихологтың жұмыс әдістері» тақырыбында семинар өткізді.

Кездесудің қатысушылары: мектеп психологы және 9-11 сынып оқушылары.

Самарова Р. ұйымдастыру-әдістемелік, психопрофилактикалық және түзету жұмыстарымен бөлісті, әсіресе педагог-психологтың этикалық ережелерді, құпиялылықты және жауапкершілікті сақтауына ерекше назар аударылды. Психологтар диагностикалық әдістемелік базасымен алмасты. Қиын жасөспірімдердің саны шағын екені және олар психологтың бақылауында жүргені анықталды, олармен профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Сот психологтың байқауынша, мектеп психологтың қызметі жүйелі түрде орындалады және нәтижелі болып табылады, өйткені осы ауданда құқық бұзушылық анықталмаған. Кездесудің соңында психологтар пікірлерімен және ұсыныстарымен алысуда.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған сотының

баспасөз қызметі