ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі мен жекеше қаулысы өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотымен аз.С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.       

Сот үкімімен С. алкогольдік масаю үстінде жасөспірімді қасақана өлтіргені үшін және жәбірленушінің анасын оқиға туралы жалған айғақ беруге оның денсаулығына зиян келтіру қатерін төндіру арқылы мәжбүрлегені үшін айыпты деп танылған.

Сотпен Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының прокурорының атына,  қатысты  іс бойынша куә К. -ның жалған жауап бергені үшін жауаптылығын шешу мәселесі туралы жекеше қаулы шығарылған.

Апелляциялық сатыда сот үкіміне келтірілген адвокаттың апелляциялық шағымы және шығарылған жеке қаулысына куәнің қорғаушысының келтірілген жеке шағымы  қаралып, үкім және жекеше қаулы өзгеріссіз, ал шағымдар  қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі