ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабиге кандидаттардың тізімін құру бойынша туындайтын өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің тізімін құру да туындаған өзекті мәселелер бойынша  «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Шараға қатысқан сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов, кеңсе меңгерушісі А. К. Кайсанова, сот кеңсе мамандары, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 1-қызмет басқармасының прокуроры  кіші әділет кеңесшісі  Ғ. Б.Тлепбергенов, Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім басшысы  Р. К. Қадырбеков, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының  терроризмге қарсы комиссияның қызметін  ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А. Б. Сағидолдин, Өскемен қаласы әкімінің бас маманы А. С. Шакерова, БАҚ-ның өкілдері «Мой город» газетінің тілшісі Е. Г.  Балова және  «Атамекен» телеарнасы қатысты.

Сот төрағасы Б. Кәсенов, дөңгелек үстел жұмысын ашып, сот төрелігін атқаруда аса маңызды буынның бірі сот процесін ұйымдастыру болып табылатынын және  сот төрелігі жүйесінің жұмыс бағасының өлшемінің бірі екенін атап өтті.

Осымен бірге,  алқабилердің қатысуымен қаралатын істер бойынша сот отырыстарының болмауына әкеп соғатын, сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу кезінде туындайтын өзекті мәселелерге тоқталды.

Кеңсе меңгерушісі А. К. Қайсановамен 2017 жылға ұсынылған тізімге жасы 25-ке толмаған, бұрын сотты болған, мемлекеттік органдар да жұмыс істейтін тұлғалар алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізіліп «Алқабилер туралы» заңның талаптары жергілікті атқарушы органдармен толық орындалмайтынын аталып өтті.

Дөңгелек үстел барысында осы мәселеге қатысты қатысушылар пікірлері тыңдалды.

Баяндамамен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 1-қызмет басқармасының прокуроры  кіші әділет кеңесшісі  Ғ. Б.Тлепбергенов сөз сөйлеп, осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының  терроризмге қарсы комиссияның қызметін  ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А.Б. Сағидолдин баяндама жасап, қойылған қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 Өскемен қаласы әкімінің бас маманы А.С. Шакерова туралы алқабилердің тізімін құру кезінде қалай жасалатыны және  кандай іс шаралар жасалатыны туралы айтып өтті.

Шара соңында,  алқабиге кандидаттардың тізімін БАҚ-на және ғаламторға жариялау туралы және халық арасында алқабилердің қатысуымен істер бойынша насихаттау  және түсіндіру іс шараларын  жүргізуге шешімге қабылданды.

 

ШҚО  қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі