ШҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аталған шараға облыс Әкімінің орынбасары А.Б.Нүсіпова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері және облыстық соттың судьясы Е.Ш.Жұмақсанов  қатысты.

Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қарастырылды, солардың арасында «Жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге этномәдени бірлестігінің қатысуын қамтамасыз ету бойынша Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы  талқыланды. Сонымен қатар, Аналар Кеңесі және қоғамдық келісім Кеңесінің жоспарланған қоғамдық іс-шаралары талқыланды.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы  А.К.Нұргазиев мәжіліс жұмысын аша отыра, «Өздеріңізге белгілі, 2016 жыл- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы. Біз келісім мен тұрақтылықтың моделін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Қазақстанның Конституциясы барлық азаматтардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына қарамай теңдігіне кепілдік береді. Оған қоса, қазақстандық біртектілікті бекітуге ықпал етеді»- деп атап өтті. Жыл басынан бері 300-ден астам іс шаралар өткізілді, оның ішінде облыстық сотпен және мемлекеттік органдар арасында Медиацияны дамыту туралы Меморандумға қол қойылған. Медиаторларды оқытуға бойынша тренингтер өткізілді.

Мәжіліс барысында Кеңес мүшелері 2017 жылға арналған ҚХА дамыту Концепциясын және қазақстандық біртектілік пен біртұтастықты  дамыту мен күшейту Концепцисын  іске асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ, облыс Әкімдігі жанынан медиация бойынша Координациялық кеңес құру жөнінде шешім қабылданды.

Облыстық соттың судьясы Елдос Жұмақсанов,  республикада алғаш рет  Өскемен қаласында халықтар Достық Үйінің интернет-ресурсында виртуалды кабинет өз қызметін бастағанын мәлімдеді. Аталған жоба Мемлекет басшысының өзінің Жолдауында атап өткен «Цифрлық Қазақстан»  атты төртінші бағытын жүзеге асыру аясында іске қосылған. Бұл жоба медиацияның дамуына орасан зор ықпал ететіндігін атап өтілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі