ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы жиын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот қызметкерлерінің қызметтік әдеп талаптарын сақтау және ШҚО Соттар Әкімшісінің жұмыстарын жандандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиынға ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай, облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Қ.Набиев, бөлім басшылары, облыс соттарының кеңсе меңгерушілері, Соттар Әкімшісінің аппараты қатысты.

ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай өз сөзінде, Жоғарғы Соттың Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасының шеңберінде соттарда азаматтарға электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) беру ісін жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының төрт сотында: Өскемен, Семей, Риддер қалалық соттарында және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мобильді ХҚКО-нің кабинеті ашылғандығын атап өтті. 

Азаматтарға сот төрелігінің қол жетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеу мақсатында облыс соттарында   электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтарға арналған ғаламтор желісіне қосылған, әрі алу мүмкіндігі жасалған «Мобильді  бұрыш» ұйымдастырылған.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес бүгінгі күнге дейін, «Сот кабинеті» арқылы  - 3110 арыз, «Сот кабинетімен» мобильді бұрыш арқылы – 2806 арыз, 127 – ЭЦҚ келіп түскен. 

Кездесі барысында Е.О.Айтпай  негізгі алдыға қойылған  тапсырмалардың жүзеге асырылуы туралы, яғни материалды – техникалық және кадрмен қамтамасыз ету, сот саласындағы инновациялық технологиялар жөнінде айтты.

Е.Айтпай қатысушылардың назарын мемлекеттік қызметшілердің  түрлі этикалық нормалармен реттелетін ресми әдеп талаптарын сақтауға баса назар аудартты.   Оған қоса, ұжымда жоғары адамгершілік-этикалық ахуалды қалыптастыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Қорытындылай келе Е.О.Айтпай кеңсе меңгерушілері мен Соттар Әкімшісінің аппаратына алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша  бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

 баспасөз қызметі