ШҚО бойынша медиаторлар палатасы құрылғанына 5 жылдығын атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО бойынша медиаторлар палатасы құрылғанына 5-жылдық мерейтойына байланысты «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс шараға қалалық және облыстық соттардың, қалалық және облыстық прокуратураның, «Нұр Отан» партиясының, Өскемен қаласының Қоғамдық Кеңесінің, Өскемен қаласының «Тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өткізілген іс шарада Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Екатерина Белавина қатысты.

Шығыс Қазақстанда кәсіби медиаторлардың өкілдіктері 2012 жылы 18 сәуірінде ашылды. Сол кезде «Біріккен медиация бітімгершілік орталығы «Медиация»» ҚБ деп аталып, содан кейін «ШҚО Ұлттық медиаторлар палатасы» болып атауын өзгертті. Бастаманы құруға ат салысқан азаматтық құқық және азаматтық процесінің Өскемен қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары болатын. Өкілдіктерінің директоры ретінде Дячук Марианна болды.

Іс шараның барысында қатысушылар, «Медиация» Заңының қолданысқа енуіне байланысты жыл сайын соттарда тараптардың медиация реттеу тәртібімен бітімге келген істер көбейгендіктен қоғамның ішінде даулардың азайғандығы туралы атап өтілді.

 

Өскемен қаласының №2сотының

баспасөз қызметі