Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Ж. атты азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің    394 бабы 3 бөлігі бойынша жауапқа тарту туралы әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, көші қон полициясы рейдтік шаралар өткізу барысында  Катонқарағай ауылында Ресей Федерациясының Ж. атты азаматшасы белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан  шығуға бас тартқан. Көші-қон картішкесі бойынша оған Қазақстан Республикасында 2014 жылдың 22 ақпанына дейін болуға рұқсат берілген.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Ж. атты азаматша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  394-бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша  1 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

 

Катонқарағай ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі